Депутат

Парламент пен мәслихатта отырады. Халықтың мүдделерін қорғауы керек.




Олардың мәртебесі мен өкілеттері Конституция мен заңдарда жазылған. Парламент депутаты өз облысының емес, барлық қазақстандықтың сөзін сөйлеуі керек. Мәслихат депутаттары, керісінше, өз өңірі халқының мүддесін қорғайды. 


Парламент пен депутаттардың не істеп, неге міндетті екенін толығырақ мына жерден оқи аласыздар


Парламент депутаты Қазақстан азаматы болуы және елде кемінде он жыл тұруы тиіс. Сенат пен Мәжіліске өкіл болам дегендерге әр түрлі талаптар қойылады.


Мысалы, жасы 30-дан асқан, жоғары білімі мен кем дегенде бес жыл еңбек өтілі бар, өзін ұсынып отырған өңірде кейінгі үш жыл тұрған азамат сенатор бола алады.


Ал мәжілісмен болам дегендердің жасы 25-тен асуы керек. Болды. Оларға басқа талап жоқ. Қызығы, төменгі палатада отырғандардың ең кішісі 30-да екен.


Парламент депутаты болудың бірнеше артықшылығы бар. Мысалы, оларды палатаның рұқсатысыз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Тек олар қылмыс үстінде немесе ауыр/аса ауыр қылмыс жасап жатырғанда тұтқындалмаса.


 


29/07/2020 11:45 4537 0

29/07/2020
11:45 4537 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление